Суши жеп уланғандар: Түркістан полициясы қылмыстық іс қозғады

182

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі қаладағы жағдайға қатысты түсініктеме берді.  

Суши жеп уланғандар: Түркістан полициясы қылмыстық іс қозғады Фото: otyrar.kz

Түркістан облысында 22 адамның тамақтан улану оқиғасына қатысты полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Түркістан қаласындағы адамдардың улану фактісі бойынша полиция ҚР ҚК-нің 304-бабы "Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу" бойынша тергеу жүргізуде. Сараптама тағайындалды.

Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтау бойынша қажетті іс-шаралар жалғасуда. Олардың нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданатын болады", – делінген ПД хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан қаласында 22 адам сушиден уланып, ауруханаға жеткізілгенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу