Тарихта аты қалған қазақ әйелдері туралы кітаптар түрік тіліне аударылды

214

Елордада әйел прозасының хас шебері  жазушы Шәрбану Бейсенованың "Сүзгенің соңғы күні" және  "Бозоқ аруы" кітаптарының түрік тіліндегі аудармасының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тарихта аты қалған қазақ әйелдері туралы кітаптар түрік тіліне аударылды Фото: adebiportal.kz

Түркі қыздарына тән бойына ізгілік пен даналықты, батылдықты жиған екі тұлға туралы нақты деректер көркем әдеби тілмен баяндалған. "Сүзгенің соңғы күні" кітабындағы алғашқы хикаят Көшім ханның жары Сүзге туралы болса, ал екінші кітапта жазушы Астананың іргесіндегі  ежелгі Бозоқ қаласына жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған ару қаңқасына тіл бітіре отырып, елдік мәселенің иіріміне қатысты танымдық, тағылымды ойларды қозғайды.

Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шәрбану Бейсенова тарихта қалған тұлғалардың бейнесі арқылы әйелдер қауымының жан сырын ашуды мақсат еткенін айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу