Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша департаментіне жаңа басшы келді

696

Нұрлан Қыдырбаев ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің жаңа басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz облыстық әкімдікке сілтеме жасап.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша департаментіне жаңа басшы келді Фото: t.me/abai_oblysynyn_akimdigi

Департамент басшысын Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малахов таныстырды.

Өңір басшысы Нұрлан Қыдырбаевқа сыбайлас жемқорлықпен күресте жемісті жұмыс тіледі.

"Мемлекет басшысының алдымызға қойған тапсырмаларын орындап, қоғамдық тәртіп пен заңның үстемдігін қамтамасыз етіп, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына бірлесе үлес қосатынымызға сенімдімін", – деді Нұрлан Ұранхаев.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малахов жиналғандарды Нұрлан Қыдырбаевтың еңбек жолымен таныстырып өтті.

Нұрлан Қыдырбаев 1967 жылы Қызылорда облысында туған.

2019-2022 жылдары Антикордың Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы болды. 2022 жылдан бастап осы уақытқа дейін Антикордың Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментін басқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу