"Сый бергеннің несі әбестік?": Садыр Жапаров қазақстандық депутатқа жауап берді

809

Садыр Жапаров сынға жауап ретінде түсініктеме берді.

"Сый бергеннің несі әбестік?": Садыр Жапаров қазақстандық депутатқа жауап берді Фото: gazeta.uz

Осыдан бірер апта бұрын Біржан Қалдыбаев Ыстықкөлде көк-бөріден әлем чемпионатында өнер көрсетті. Оның өнері Қырғызстан басшысының көңілінен шығып, ол Бішкекте ақынға сәйгүлік сыйлаймын деп уәде еткен. Көп ұзамай олайтқан сөзінен таймай, арғымақты тарту етті.

Қырғыз басшысының әректін сынға алғандар да табылды, ҚР Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтаев Қырғыз президенті Садыр Жапаровтан арғымақ мінген ақынды мұндай сый-құрметке лайықсыз көрді. Бүгін Садыр Жапаров қазақ ақынына не үшін сәйгүлік сыйға тартқанын түсіндірді, деп жазады Inbusiness.kz.

Бүгін Садыр Жапаров сынға жауап ретінде түсініктеме берді. Оның айтуынша, мұнда тұрған ештеңе жоқ, саяси мүдде туралы айту да артық. Ол қазақ-қырғыз туыстығын атап өтіп, ақын қырғыздарға жиен екенін, ал өзінің бесінші атасының жұбайы, яғни әжесі қазақтың қызы болғанын айтты. Сондықтан нағашы ретінде жиенін сый-сияпатсыз жіберу орынсыз болар деген шешімге келген.

"Сол сәтте мен оған арғымақ сыйламасам, "Нағашым жаяу жіберді, нағашымның бір арғымаққа әлі жоқ па?" деп айтар еді. Мен нақты сол жерде болмасам, өз құлағыммен  ақынның сөзін естімесем, әңгіме басқа болар еді. Сондықтан Аманжол мырзаға айтарым, мұнда ешқандай саяси мүдде жоқ, сый сыйлағанның несі әбестік?! Айтыскер ақын жиенімнің сөзіне түсіп қалмас үшін ғана арғымақ сыйға тарттым", - деді С.Жапаров kabar.kg берген сұхбатында.

Қырғыз Президенті ақынды жақын танымайтынын айтып, сондықтан оның өнеріне сын келтіре алмайтынын алға тартты. Көше ақыны болса да, жастарды қолдау керек деген оймен өзінің сөзін түйіндеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу