Сырдарияға батып кеткен екі азаматтың бірінің денесі табылды

373

Түркістан облысында Сырдария өзеніне батып кеткен екі азаматтың бірінің денесі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сырдарияға батып кеткен екі азаматтың бірінің денесі табылды Фото: бейнежазбадан

Екінші адамды іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Оқиға 22 тамызда Сауран ауданы, Үшқайық ауылдық округі аумағында болған. Алдын ала ақпарат бойынша, азаматтар шомылуға тыйым салынған аумақта суға түскен.

ТЖД мәліметінше, 2002 жылы туған азаматтың денесі оқиға болған жерден шамамен 6 шақырым қашықтан табылған.

Қазір 1998 жылы туған екінші азаматты іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Құтқару операциясына Түркістан облысы мен Шымкент қаласының құтқарушылары, полиция қызметкерлері, марқұмдардың туыстары және "Сырдария–Түркістан" өңірлік табиғи паркінің мамандары қатысып жатыр.

Іздеу жұмыстарына 80-нен астам адам, арнайы техника, қайықтар мен дрондар жұмылдырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу