Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев 1975 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетін, Женева халықаралық қатынастар және дипломатия институтының магистратурасын тәмамдаған.
ҚР СІМ жүйесінде 1997 жылдан бастап жұмыс істейді.
Дипломатиялық қызметін Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінің референті ретінде бастап, ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі дәрежесіне дейін көтерілді.
2008-2010 жылдары ҚР СІМ Азия және Африка департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.
Қазақстанның Үндістан және Корея Республикасындағы елшіліктерінде, сондай-ақ Женева қаласындағы БҰҰ бөлімшесі және басқа да халықаралық ұйымдарда ҚР Тұрақты өкілдігінде қызмет етті.
Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалғанға дейін Қазақстанның Үндістандағы Елшісі болды.
II дәрежелі Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие.