Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Анарбек Қарашевтан бірнеше тапанша, дыбыс басқыш, мылтық және оқ-дәрі алынды, деп хабарлайды ҚазТАГ ақпарат агенттігі.
Нұр-Сұлтан қаласындағы Байқоңыр аудандық №2 сотының үкімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның кезекші бөлімінде сақтауда тұрған "WALTHER" тапаншасы, қосалқы оқжатар, дыбыс басқыш, пластик кілт, Австрияда жаслған "GLOCK" маркалы тапанша, тапаншаның аузын тазартуға арналған щетка, "BLAZER" маркалы бірнеше мылтық, нұсқаулық, түтіктер, қосалқы бөлшектер, реттеуге арналған кілттер, оқпан, оптикалық көздеуіш, Вальтер K-22LR тапаншасына арналған патрондар, "Глок-17" К-9 мм тапаншасына арналған патрондар, BLAZER K-30-06 атты мылтыққа арналған картридждер, "Тула қару-жарақ зауыты" маркасының бөлшектелген екі оқпанды мылтығы және тағы басқа қару-жарақтар "Қару-жарақтың кейбір түрлерінің айналымын мемлекеттік бақылау туралы" заң талаптарына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының полиция бөліміне өткізілуге тиіс екені айтылады.