Таэквондодан кадеттер арасындағы әлем чемпионатынан екі медаль бар

927

44 келі салмақта сынға түскен Айша Әділбекқызы финалға дейін барлық қарсыласын ұтып, ақтық бәсекеде ирандық спортшыға жол берді. 

Таэквондодан кадеттер арасындағы әлем чемпионатынан екі медаль бар

Ташкентте өтіп жатқан таэквондодан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар екінші медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

44 келі салмақта сынға түскен Айша Әділбекқызы финалға дейін барлық қарсыласын ұтып, ақтық бәсекеде ирандық спортшыға жол берді. Осылайша, Айша әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанып отыр. 45 келіде бақ сынаған Сұлтан Байтұрсынов үздік бестік қатарына енді. 

Еске сала кетейік, бірінші жарыс күнінді Айдана Сүндетбай қола жүлде жеңіп алған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу