Тағы бір ел балаларды интернеттен алыстатпақ

Биыл Түркияда балалар арасындағы интернетті пайдалану рекордтық көрсеткішке жеткен. 

Тағы бір ел балаларды интернеттен алыстатпақ Фото: Мел

Inbusiness.kz тілшісі бұған дейін Аустралия үкіметінің 16 жасқа дейінгі балаларға осындай шектеу жасайтыны туралы жазған еді. 

Тыйымның мақсаты белгілі, ол – балаларды цифрлық технологиялардың теріс әсерінен қорғау. Жаңа заң халықаралық тәжірибеге сүйеніп жасалмақ.

Жалпы, жер жүзіндегі әрбір алты елдің бірі мектептерде смартфон пайдалануға заң немесе ұсыныс бойынша тыйым салғаны белгілі болған. Францияда 15 жасқа дейінгі балаларға мектептерде смартфон қолдануға тыйым салынса, Қытай балалардың әлеуметтік желі пайдалануына қатаң шектеу қойып отыр. АҚШ әлеуметтік платформаларды қолданушылардың жасын бақылауды күшейтпек.

Мысалы, 2024 жылы Түркия елінде жасөспірімдердің интернетті пайдалануы 91,3 пайызды құраған. Бұл статистика мамандарды дүр сілкіндірген. Сондықтан, 13 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желі қолдануына тыйым салуды көздеген.

Жергілікті билік балалардың физикалық және психикалық денсаулығына теріс әсер ететін киберқорқыту мен гаджеттерді шамадан тыс пайдалануды, әлеуметтік медианы ерте пайдаланумен байланысты тәуекелдерді барынша азайтуға тырыспақ.

Жаңа заң 13 жасқа толмаған балалардың технология пайдалануын ғана шектемей, бағдарламаларды адамның жасына сай етуге жауапты қылатынына болжам жасаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу