Тағы да суицид: Алматыда бойжеткен 12-қабаттан секіріп кетті

1498

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.

Тағы да суицид: Алматыда бойжеткен 12-қабаттан секіріп кетті

Оқыс оқиға болған жерден бейнежазбалар әлуметтік желіде тарауда. Куәгерлер жағдайдың "Ақсай" ықшам ауданы 1А, 8-үйде болғанын айтуда, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұл ақпаратты Алматы қалалық Полиция департаменті растады. Әуезов ауданының полиция департаменті қайғылы оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (өз-өзіне қол жұмсауға апару) бойынша тіркелгенін хабарлады.

"Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда", – деп жауап берді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Еске сала кетсек, жуырда Алматыда кәмелеттік жасқа толмаған қыздың биіктен құлап қайтыс болғаны да хабарланған болатын. Аталған іс "Өзін-өзі қол жұмсауға итермелеу" бабы бойынша тергелуде. Сонымен қатар қазан айында НЗИ оқушысы көпқабатты үйдің терезесінен секіріп, қайтыс болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу