Ақмола облысында жол апаты орын алып, екі адамның өмірі қиылды

530

Ақмола облысында жол апатынан мотоцикл жүргізушісі мен жолаушы көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Ақмола облысында жол апаты орын алып, екі адамның өмірі қиылды

"11 тамызда Целиноград АПБ полиция бөліміне патрульдік полиция ротасы қызметкерінің Қарамеңді батыр мен Арайлы ауылдары арасындағы "Екатеринбург-Алматы" автожолының 1212 шақырымында Ақтөбе қаласының тумасы Toyota Estima автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі Racer мотоциклдің жүргізушісі мен жолаушысын қағып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан алған жарақаттардан Жаңаесіл ауылының 25 жастағы тұрғыны, мотоцикл жүргізушісі мен жолаушысы Новоишимка ауылының 25 жастағы тұрғыны оқиға орнында көз жұмды", – деп жазады ақпарат көзі.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайларын анықтап жатыр.

Жалпы, жылдың басынан бері ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы (Жолаушыларды тасымалдау талаптарын сақтамау) бойынша 11 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталған. Мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін 2106 әкімшілік хаттама толтырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу