Тағы төрт үміткер Әзербайжандағы сайлауға қатысатынын растады

Бұл туралы Әзербайжан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы хабарлайды. 

Тағы төрт үміткер Әзербайжандағы сайлауға қатысатынын растады Фото: freepik

Әзербайжанның Орталық сайлау комиссиясына (ОСК) кезектен тыс президенттік сайлауға тағы төрт кандидатты қолдау мақсатында қол қою парақтары ұсынылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жалпы, Орталық сайлау комиссиясына қажетті құжаттармен бірге Президенттікке кандидат Фазил Мұстафаның "Ұлы жасампаздық" партиясы, Эльшад Мұсаевтың "Ұлы Әзербайжан" партиясы,  Гудрат Гасангулиевтің "Біртұтас Әзербайжан Халық майданы" партиясы және осы сайлауға қатысуға өзінің кандидатурасын ұсынған Фуад Әлиевтің қолтаңбалары ұсынылды.

Бұған дейін, құрылымға "Ұлттық майдан" партиясынан президенттікке кандидат Рази Нуруллаев пен өзін-өзі ұсынған Захид Орудждың қол қою парақтары ұсынылған болатын.

Айта кету керек, 19 желтоқсан күні  Орталық сайлау комиссиясы "Ени Әзербайжан" билеуші партиясынан елдің қазіргі президенті Ильхам Әлиевтің кандидатурасын бекітті.

Ал 26 желтоқсанда "Ени Әзербайжан" партиясы ОСК-ға Ильхам Әлиевті қорғау және қолдау үшін жиналған сайлаушылардың 50 000 қолы қойылған парақтарды ұсынған.

Осылайша, 30 желтоқсан күні өткен Орталық сайлау комиссиясының отырысында Ильхам Әлиевтің президенттікке кандидатурасы бекітілді.

Еске сала кетейік, осыған дейін Әзербайжанда кезектен тыс президенттік сайлау 7 ақпанға жоспарланғанын жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу