Таиландта туристер мінген экскурсиялық автобус жол апатына ұшырады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға ел астанасы Бангкоктан 120 шақырым жерде болған. Жол апаты салдарынан кем дегенде 18 адам қаза тапты. Тағы 20 адам жарақат алған.
Thairath газетінің жазуынша, үш автобус 200 адамнан тұратын экскурсиялық топты тасымалдап келе жатқан. Соңғы автобустың жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, көлік бетон қоршауды сындырып, аударылып кеткен. Автобус ішінде 47 жолаушы мен екі жүргізуші болған.
Туристер мінген автобус солтүстік-шығыстағы Бынгкан провинциясынан Районг курорттық провинциясына бағыт алған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу