Таиландта жолаушылар пойызына кран құлап, 22 адам қаза тапты

125

Таиландта ірі теміржол апаты болды.  

Таиландта жолаушылар пойызына кран құлап, 22 адам қаза тапты Фото: t.me/aznovost

Жолаушылар пойызына құрылыс краны құлап, құрам рельстен шығып кеткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алдын ала мәлімет бойынша, кемінде 22 адам қаза тауып, 30-дан астамы жараланған.

BBC мәліметінше, оқиға Накхонратчасима провинциясындағы Сихио округінде болған. Пойыз Убонратчатхани провинциясына бағыт алған.

Жергілікті полиция өкілінің AFP агенттігіне айтуынша, ауыр жарақат алғандар бар, сондықтан қаза тапқандар саны артуы мүмкін.

Ал Reuters дерегіне сәйкес, жоғары жылдамдықтағы теміржол желісінің құрылысына тартылған кран тікелей пойыз үстіне құлаған, соның салдарынан өрт шыққан.

Өрт жедел түрде сөндірілді. Қазіргі уақытта оқиға орнында құтқару және жедел қызметтер жұмысын жалғастырып жатыр.

Кранның құлау себептері мен апаттың мән-жайын анықтау үшін Таиланд билігі тергеу бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу