АСЕАН елдері министрлерінің кездесуі өтіп жатқан Бангкок қаласында бірнеше жарылыс болды. Еліміздің сыртқы істер министрлігі зардап шеккендер арасында шетелдіктер, оның ішінде Қазақстан азаматтары болмағанын хабарлады.
"Қазіргі таңда Бангкоктағы ҚР азаматтарына қауіпсіздік шараларын, жергілікті билік органдарының талаптарын қатаң сақтауға және халық көп жиналатын жерлерден тыс болуға кеңес береміз. Қандай да бір төтенше жағдай туындаған жағдайда, тез арада Қазақстан елшілігіне хабарласуы қажет", – деп ескертті министрлік.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу