Таиланд парламенті премьер-министр лауазымына "Пхыа Тхаи" партиясының жетекшісі Пхетхонгтхан Чинават кандидатурасын бекітті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
37 жастағы Чинават ел тарихындағы ең жас үкімет басшысы әрі премьер-министр болған екінші әйел атанды.
Оның кандидатурасына 319 депутат дауыс берді, 145-і қарсы болды, тағы 27 депутат қалыс қалды.
Пхетхонгтхан Чинават – бұрынғы премьер-министр әрі Таиландтың ең танымал саясаткерлерінің бірі Таксин Чинаваттың қызы, сонымен қатар бұрынғы үкімет басшысы Йинглак Чинаваттың жиені (2011-2014). Ол министрлер кабинетін басқаратын Чинават әулетінің үшінші өкілі атанды.
Айта кету керек, осыған дейін Конституциялық сот Таиланд премьер-министрін лауазымынан босатқанын жазған болатынбыз.