Тайваньмен әскери ынтымақтастығына байланысты АҚШ-қа Қытай наразылық жариялады

1061

Тайваньмен әскери ынтымақтастығына байланысты АҚШ-қа Қытай наразылық жариялады

Қытайдың сыртқы істер министрлігі АҚШ бюджетінде қарастырылған Тайваньмен әскери ынтымақтастығына байланысты өз қарсылығын білдірді, деп жазады "Интерфакс".

"Біз АҚШ-тың әскери бюджеті туралы заңдағы тиісті ережеге қарсылық білдіріп,  америкалық тарапқа нақты ұсыныс жасадық", – делінген ҚХР СІМ ресми өкілі Хуа Чуньиннің таратылған мәлімдемесінде.

Президент Барак Обама қол қойған әскери бюджетте Пентагон "Құрама Штаттар мен Тайвань арасындағы әскери алмасу бағдарламасын жоғары деңгейде жүзеге асыруға тиіс" делінген.

Хуа Чуньин "Қытайдың күрт наразылығы" туралы мәлімдеп, "Біз АҚШ-тан  Қытайға Тайвань мәселесіне қатысты берген уәдесін орындап,  қытай-америка байланысын және Тайвань бұғазында бейбіт өмір мен тұрақтылықты бұзбас үшін  америка-тайваньнің әскери тұрғыдағы байланыстарын тоқтатып, Тайваньға қару сатуды доғаруды талап етеміз", деп атап өтті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу