Талдықорған маңында көлік апатынан екі адам қаза тапты

484

Оқиға Талдықорған-Үштөбе айналма жолында болған.

Талдықорған маңында көлік апатынан екі адам қаза тапты Фото: Polisia.kz

Бұл туралы Polisia.kz порталы жазды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Талдықорған-Үштөбе айналма жолында Mitsubishi Pajero автокөлігі КамАЗ жүк көлігімен соқтығысты. Mitsubishi Pajero-ны 32 жастағы ер адам басқарған, ол жолаушысымен бірге оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ 34 жастағы әйел түрлі жарақаттармен қалалық ауруханаға жатқызылды. 

Қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу