Талдықорғанда 4 жасар бала бассейнге батып кетті

399

Қайғылы оқиға 1 тамыз күні болған.

Талдықорғанда 4 жасар бала бассейнге батып кетті Фото: inbusiness.kz

Талдықорғанда отбасылық демалыс орталығының бассейніне 4 жасар бала батып кетті, деп жазады inbusiness.kz.

"Ересектердің қарауынсыз қалған 2019 жылы туған баланың бассейнге құлап, суға батып кеткені анықталды. Жедел жәрдем бригадасы алғашқы медициналық көмек көрсетті. Өкінішке қарай, баланы аман алып қалу мүмкін болмады”, - деп хабарлады Жетісу облыстық ТЖД.

Бүгінгі таңда тергеу амалдарын Талдықорған қалалық полиция басқармасы жүргізіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу