"BMW" автокөлігін тізгіндеген Талдықорған қаласының 20 жастағы тұрғыны белгіленбеген жерде жол бөлігін кесіп өтіп бара жатқан ер адамды қағып, жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды.
"Аталған факті бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен бірге сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды",- делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Жетісу облысының полициясы жол қозғалысының барлық қатысушыларын ҚР Жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу