Талдықорғанда да 2 балдық жер сілкінісі сезілген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Алматы облысында 5 балл, Жетісуда (Талдықорған) 2 балл", - деп хабарлады ТЖМ.
Естеріңізге сала кетсек, бүгін 4 наурызда сағат 11:22 - де Алматы қаласында жер сілкінісі орын алды.
Сонымен қатар Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы үндеу жасады.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 31 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу