Талдықорғанда қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде Ұлттық ұланның әскери қызметшілері ер адамнан есірткіге ұқсас затты анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 5514 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Орталық саябақ маңында орындықта спирттік ішімдік ішіп отырған екі азаматты байқап, олармен әңгімелескен. Сол кезде олардың бірінен күдікті иіс шыққаны анықталған.
Жеке заттарын тексеру кезінде ер адамның қалтасынан жасыл түсті ұнтақ заты бар байлам табылды.
Ұсталған азамат полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Тәркіленген зат сараптамаға жіберілді. Оның нақты құрамы зерттеу нәтижесінде анықталады.
Оқиға бойынша тиісті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.