Талдықорғанда жедел жәрдем көлігі жол жиегіндегі көлік жүргізушісін қағып өлтірді

323

Жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды.

Талдықорғанда жедел жәрдем көлігі жол жиегіндегі көлік жүргізушісін қағып өлтірді Фото: Polisia.kz

Талдықорғанда жедел жәрдем көлігінің қатысуымен болған жол апатында ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 30 қазанға қараған түні Талдықорғанның орталығында Audi 80 және Hyundai Solati автокөліктерінің қатысуымен болды. 

54 жастағы жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Балпық би көшесімен келе жатып, жол жиегінде тұрған Audi көлігімен соқтығысады. 

Соққы кезінде жеңіл көліктің 37 жастағы жүргізушісі жолаушысымен бірге көліктің артқы дөңгелегін ауыстырып жатқаны алдын ала анықталды. 

Жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Сондай-ақ 36 жастағы ер адам түрлі дене жарақаттарымен аурухананың реанимация бөліміне жатқызылды. 

Қажетті сараптамалар тағайындалып, ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлімінде көзделген тергеу амалдары басталды. Қылмыстық істі тергеуді облыстық полиция департаменті бақылауға алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу