Талдықорғанда екі көлік соқтығысып, жол апаты орын алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желілерде тарады.
– Жол апатынан бір адам қаза тапты. Тағы үш адам медициналық мекемеге жеткізілді, – деп хабарлады полиция.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жол апатының барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, маневр жасау және қиылыстардан өту кезінде барынша мұқият болуға, қарсы бағыттағы көлікке жол беруге және жылдамдықты қауіпсіз деңгейде таңдауға шақырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу