Талдықорғандық құтқарушылар өрттің арасынан 4 газ баллонын алып шықты

589

Талдықорғандық өрт сөндірушілер жанып жатқан бөлмеден 4 баллонды алып шығып, жарылыстың алдын алды, деп хабарлайды inbusiness.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.    

Талдықорғандық құтқарушылар өрттің арасынан 4 газ баллонын алып шықты Фото: gov.kz

Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 7:50-де Талдықорған қаласындағы "ISSMILE" фаст-фуд кафесінің 50 ш.м. болатын ас дайындау бөлмесінде өрт шыққан.

Өртті сөндіруге облыстық ТЖД-нің 24 қызметкері және 6 техникасы жұмылдырылды. Жалын сағат 8:20-да ауыздықталып, сағат 8:27-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

"Талдықорған қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Равиль Шарафутдинов, Әділ Қалиев және Алмас Сексенбаев өз өмірлерін қатерге тігіп, жанып жатқан бөлмеден 3 оттегі баллоны мен 1 газ баллонын (25 литрлік) шығарды. ТЖД қызметкерлерінің жедел іс-қимылдарының арқасында ауданы 300 шаршы метрден асатын ғимаратқа өрттің одан әрі таралуына жол берілмеді", - делінген хабарламада. 

Өрттің алдын ала себебі – картоп қуыруға арналған құрылғыдағы электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу