Талғар бөгеті қалпына келтірілді – ТЖМ

382

Тұрғындарға қауіп жоқ

Талғар бөгеті қалпына келтірілді – ТЖМ Фото: dknews.kz

Алматы облысында Талғар маңындағы бөгет бір тәулік ішінде қалпына келтірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Судың максималды шығыны секундына 37,8 метрді, бұлдырлығы 4 балды құрады. 7 КамАЗ ағаш діңі мен 15 КамАЗ үйінді шығарылды.

"Талғар бөгеті Талғар қаласынан 5 км жерде орналасқан. Бөрене ұстағыш Талғар бөгетінің үстінде 350 метр қашықтықта орналасқан. Бөрене ұстағыштың ұзындығы 5,5 метрді, ені 5,5-6,0 метрді құрайды. Бөгет жоғарғы бьефтен қойтастармен нығайтылған.

Бөрене ұстағыштың негізгі қызметі бөренелерді, ағаш тамырлары мен діңдерін, бұтақтарды және басқа қалқымалы қоқыстарды ұстау болып табылады", - деп жазды ведомстводан.

Іле-Алатау аумақтық пайдалану техникалық басқармасы филиалы өз күштерімен шұңқырды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Қазіргі уақытта су ағыны транзиттік режимде өтуде.

Еске сала кетсек, бұған дейін Талғар бөгетін су шайып кетуіне байланысты 150 адам қауіпсіз жерге көшірілгенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу