Талғарда криминогендік ахуал тұрақты – ІІМ

192

Құзырлы орган әрбір дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып жатқанын мәлімдеді. 

Талғарда криминогендік ахуал тұрақты – ІІМ Фото: 5region.kz

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Талғардағы жағдайға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Журналистер Талғардағы ахуал қашан реттелетінін сұрады.

"Жалпы алғанда, республика бойынша 4 айдың қорытындысы бойынша қылмыс деңгейі 9 пайызға төмендеді. Талғарға келсек, былтыр (полиция департаментіне) жаңа басшылық тағайындалғанын хабарлаған едік. Күн сайын Талғар ауданындағы оқиғалар бойынша мәлімет талданады. Талғар бойынша криминогендік ахуал тұрақты", – деді вице-министр Мәжіліс кулуарында.

Санжар Әділов тіркеліп жатқан оқиғалардың жекелеген сипатқа ие екенін жеткізді. 

"Әрбір дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ құқықбұзушылыққа жол берген тұлғаларға қатысты тиісті ұсыныстар енгізіледі", – деп атап өтті Санжар Әділов.

Айта кету керек, бұған дейін Талғарда тағы бір жас жігіт пышақ жарақатынан жан тапсырғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу