Талғарда жедел жәрдем көлігі аударылып қалды

196

Оқиға 6 қыркүйекте, таңертең болған.

Талғарда жедел жәрдем көлігі аударылып қалды Фото: bangkokbook.ru

Алматы облысы Талғар ауданында жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Шақыруға бара жатқан арнайы көлік Lexus RX 300 автокөлігімен соқтығысып, аударылып қалған.

– Жол-көлік оқиғасы салдарынан бригада жүргізушісі жеңіл жарақат алды, сондай-ақ медициналық қызметкер мен екінші көліктің жүргізушісі тексерілу үшін Талғар орталық аудандық ауруханасына жеткізілді, – делінген станция хабарламасында.

Алматы облысы Полиция департаменті де оқиғаға қатысты түсінік берді.

– Алдын ала деректерге сәйкес, арнайы көлік жүргізушісі бағдаршамның тыйым салатын белгісінде жүріп өтіп, басқа көлікпен соқтығысқан. Аталған факті бойынша әкімшілік іс жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады ведомство.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу