Талғардағы оқиға: Сенатор Марат Қожаев сот отырысы ашық болуы керек деген пікірде

246

Айтуынша, қоғамдағы осындай күрделі мәселелерді ашық талқылау керек. 

Талғардағы оқиға: Сенатор Марат Қожаев сот отырысы ашық болуы керек деген пікірде Фото: видео скриншот

Сенатор Марат Қожаев Талғардағы оқиғаға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер спикерден Талғардағы іске байланысты сот отырысы ашық өтуі керек пе деп сұрады. 

"Қазіргі күні қоғамның талабы ашық соттар болсын дейді. Меніңше, кейде осындай қоғамның күрделі мәселелерін ашық түрде талқылау керек шығар", - деді депутат Марат Қожаев Сенат кулуарында.

Осыған дейін Мәжіліс депутаты Абзал Құспан тергеу құпиялылығын қамтамасыз ететін істердің нақты шегін белгілеу керек екенін айтты.

"Бұл арнайы бап. Кейбір қылмыстардың мән-жайын анықтағанда адамның құқықтары бұзылмасын деген мәселемен істелінген", - деді Марат Қожаев.

Тілшілер заңды қатаңдату керек пе деп нақтылады.

"Біздің заң жеткілікті деңгейде қатал. Қоғамдағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық мәселесін заңнаманы күшейтумен ғана шешуге болмайды. Шын мәніне келгенде, бұл тәрбиеден бастап білім беруге дейінгі әлеуметтік мәселелердің толық кешені. Адамға қандай адами қасиеттер бойына сіңгеніне байланысты ғой. Мәселен, Қытайда нақты бір қылмыстар үшін алаңда ату жазасына кесіледі. Бұл ретте қылмыстар болып жатыр", - деді сенатор.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу