Талғат Нәрікбаев ректорларды жауапкершілікті сезінуге шақырды

1114

Оның пікірінше, енді отандық жоғары оқу орындары студенттерге сапалы білім беруі керек.  

Талғат Нәрікбаев ректорларды жауапкершілікті сезінуге шақырды

KAZGUU университетінің басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев ректорларды білім саласындағы әлеуметтік жауапкершілікті сезінуге шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ЖОО-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің университет ректорларымен өткізген жиынында жоғары білім саласындағы өзекті мәселелер көтеріліп, білім сапасын арттыру жолдары талқыға салынды. Кездесуге 120-ға жуық ЖОО басшысы қатысты.

"Баршаңызды білім саласына бизнес деп емес, оған әлеуметтік жауапкершілікпен қарауға шақырамын. Енді бұрынғыдай мемлекеттік үлгідегі дипломдар болмайды. Сондықтан әрқайсысымыз ел алдында, студенттер мен ата-аналар алдында білім сапасы үшін жауаптымыз. Біздің басты клиентіміз – студенттер емес, жұмыс берушілер. Қазір білім алып жатқан студенттер кейін балаларымыздың болашағына ықпал етеді", - деді Талғат Нәрікбаев жиында.

Ол университет студенттен оқу ақысын алып, сапалы білім бермесе, ол алаяқтық болып саналатынын жеткізді.

 "Тұтынушы өзі күткендей сапалы білім ала алмаған жағдайға тап болуы мүмкін. Кәсіби құзыреттілігінің төмендігінен жұмыссыз қалған студенттер немесе ата-аналар оқуға жұмсаған ақшаны қайтаруды талап етіп, университетті сотқа бере бастауы да ықтимал", - деді KAZGUU университетінің басқарма төрағасы.

Айта кетейік, осыған дейін Талғат Нәрікбаев жоғары оқу орнында тек адал бәсекелестік тиімді айтқан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу