Ауғанстанда әйелдердің бір-бірімен сөйлесуіне тыйым салынбақ

268

Бұған дейін тәліптер әйелдерге көшеде және ерлердің көзінше сөйлеуге тыйым салған болатын.

Ауғанстанда әйелдердің бір-бірімен сөйлесуіне тыйым салынбақ Фото: Фокус

"Талибан" үкіметі елдегі әйелдердің бір-бірімен сөйлесуіне тыйым салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Талибанның ізгі істер министрі Халид Ханафидің мәлімдемесіне сәйкес, қыз-келіншектер басқа әйел қауымының алдында Құранды дауыстап оқымауы тиіс.

Айта кетейік, 2021 жылдың тамызында Ауғанстанда тәліптер билікке келгелі бері қыз-келіншектерге білім алуға, ер адамсыз саяхаттауға тыйым салынды. Оларға саябақтарға баруға, суға түсуге немесе спортпен айналысуға да болмайды. Қыз-келіншектерге арналған баспаналар жабылып, "Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық туралы" заңның күші жойылды. "Исламға қайшы мінез-құлық" көрсеткені үшін жазаланып, тіпті түрмеге қамалатын болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу