Тәліптер Ирандағы министрлердің кездесуіне шақырылмаған

893

"Талибан" қозғалысының өкілдері (Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым) 27 қазанда Тегеранда өтетін Ауғанстанның көрші елдері СІМ басшыларының кездесуіне шақырылмаған. Бұл туралы Иранның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Саид Хатибзаде айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz "Интерфакс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Тәліптер Ирандағы министрлердің кездесуіне шақырылмаған

Оның айтуынша, кездесуге Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Пәкістан және Иран СІМ басшылары қатысады, ал Ресей мен Қытайдың Сыртқы істер министрлігінің басшылары бейне байланыс арқылы мәлімдеме жасайды.

Иран бұқаралық ақпарат құралдары таратқан мәліметке сәйкес, Саид Хатибзаде Ресей мен Қытай өкілдері кездесуге елші деңгейінде қатысатынын атап өткен.

"Иран Президенті Ибрахим Раиса осы кездесуде сөз сөйлейді. БҰҰ Бас хатшысы қатысушыларға жолдау жасайды", – деді ресми өкіл.

Сондай-ақ ол министрлер "консенсусқа келген жағдайда" кездесу қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме жасайтынын айтты.

Иранның Кабулдағы елшісі Бахадар Аминиан кездесуге қатысушылар Ауғанстандағы қауіпсіздікті, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және инклюзивті үкіметті қалыптастыру мәселесін талқыға салатынын атап өткен.

Сонымен қатар елші Тегеранда өтетін жиында министрлер ауғанстандықтарға гуманитарлық көмек көрсету, Ауғанстандағы түрлі жобаларды жүзеге асыру мәселесін қарайтынын жеткізген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу