Тәліптер шахматты "харам" деп шығарды

321

Sovsport басылымының мәліметінше, Ауғанстандағы "Талибан" қозғалысы ресми түрде шахмат ойнауға тыйым салды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тәліптер шахматты "харам" деп шығарды Фото: canva.com

"Он бір айда бірде-бір ресми турнир, семинар немесе шахматқа байланысты өзге де іс-шаралар болған жоқ. Федерация шенеуніктерінің көпшілігі елден кетті. Кейбір провинцияларда шахматқа тыйым салынады", – деді Ауғанстан Шахмат федерациясының бұрынғы атқарушы директоры Абасин Мохиби.

Ауғанстанда 11 титулды шахматшы бар, олардың ішінде бесеуі "FIDE шебері" болса, қалған алтауында "Спорт шеберлігіне кандидат" атағы бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу