Тамара Дүйсенова атаулы әлеуметтік көмек туралы: "Оны тоқтатуға болмайды"

531

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова атаулы әлеуметтік көмекке қатысты пікір білдірді. 

Тамара Дүйсенова атаулы әлеуметтік көмек туралы: "Оны тоқтатуға болмайды" Фото: Turkystan.kz

Ведомство басшысының сөзінше, бұл көмек түрін тоқтатуға болмайды. 

"Жоқ, оны тоқтатуға болмайды. Себебі бізде сондай отбасылар бар. Жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ азаматтар бар. Ал енді атаулы әлеуметтік көмекті берудің механизмін әрі қарай жетілдіру бойынша әрине депутаттармен бірге жұмыс істейміз", - деді министр тілшілердің сауалына берген жауабында. 

Айта кету керек, осыған дейін "Қазақстан Халық партиясы" фракциясының мүшелері атаулы әлеуметтік көмекті алып тастауды ұсынғанын жазған болатынбыз. Мәжілісмендер ҚР Премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгіновке тиісті сауал жолдаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу