Тамыздың соңында алтын бағасы төмендеді

Бір унция үшін 1956 доллардан 1944 долларға дейін немесе 0,6%-ға.

Тамыздың соңында алтын бағасы төмендеді Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Теңге бағамының динамикасы мен қаржы нарығындағы соңғы үрдістер туралыҰлттық Банк Төрағасының орынбасары Әлия Молдабекованың негізгі тезистерінде жазылған.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, АВР бір айда 600 млн долларға төмендеп, тамыздың соңындағы жағдай бойынша 33,6 млрд долларды құрады. Мемлекеттік борышты төлеу, сондай-ақ Ұлттық Банктегі валюталық шоттардан ЕДБ қаражатын төмендету АВР төмендеуінің негізгі факторлары болды", – деді спикер.

Тамыздың соңында алтынның бағасы бір унция үшін 1956 доллардан 1944 долларға дейін немесе 0,6%-ға төмендеді. 

"Айдың бірінші жартысында алтын бағасының төмендеуі АҚШ-тың 10 жылдық мемлекеттік облигациялары кірістілігінің өсуіне, сондай-ақ АҚШ доллары индексінің өсуіне байланысты болды. Тамыз айының ортасына қарай, биылғы наурыздан бері алғаш рет алтын бағасын белгілеу бір унция үшін 1900 доллардан төмен түсті. Алайда, кейінірек жұмыссыздық бойынша тамыздағы статистика мен АҚШ ФРЖ-ның "саясатты күшейту" риторикасының шығуы бойынша нарықтық күтулер аясында үрдістің "күрт өзгергені" байқалды", – деді Молдабекова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу