Ер арасында "Qarakesek" лақап атымен танылған рэпер қазір ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жіберілген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ақтөбе облыстық полиция департаменті әкімшілік іспен қатар, қылмыстық істі де қозғаған. Мас күйінде "Kia Rio" көлігін жүргізген әнші Қылмыстық кодекстің "Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу" бабы бойынша кінәлі деп танылуы ықтимал.
Ақтөбе облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі осы кезде "Qarakesekтің" қолхатпен ғана бостандыққа шыққанын мәлімдейді.
Әншінің кінәсі толық дәлелденсе, 160 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл арқалайды немесе 160 сағатқа дейінгі мерзімге түзету жұмыстарына тартылады. Қылмыстық іс бойынша 40 тәулікке қамауға алынуы да мүмкін.
Омар Амантаев қыркүйектің басында есірткіге мас күйінде көлік басқарып, 15 тәулікке қамалған еді. Ол 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.