Танымал экстремал-блогер 68-қабаттан құлап, көз жұмды

397

Ол Tregunter Tower кешеніне өрмелеп шықпақ болған.

Танымал экстремал-блогер 68-қабаттан құлап, көз жұмды Фото: ТСН

30 жастағы француздық экстремал Реми Лучиди Гонконгта 68-қабаттан құлап қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz Gazeta.ua басылымына сілтеме жасап.

Шамамен 18:00-де Лучиди үйдің күзетшісіне келіп 40-қабатта тұратын досының пәтерінде қонақта болғанын айтқан. Алайда күзетшілер ондай адамды танымайтынын айтып, оны тоқтатқан. Алайда ол қашып үлгеріп, лифтке кірген.

Бейнебақылау камераларына Лучидидің 49-қабатқа көтеріліп, текпешекпен шатырға шыққаны түсіп қалған. Күзетшілер шатырға шығатын люктің ашық тұрғанын көрген, алайда ер адам табылмаған.

Полиция мәліметінше, Лучиди пентхаус сыртында тұзаққа түскен және терезені тоқылдатқан кезде көмек сұраған.

Оқиға орнында Лучидидің камерасы табылды, онда оның қауіпті оқиғасы түсірілген.

Полиция әзірге өлімнің қалай болғанын айтпады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу