Танымал КВН ойыншысы қайтыс болды

3898

Қырғызстанда "Азия MIX" КВН командасындағы Маратик деген есіммен белгілі Марат Жұманалиев қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Танымал КВН ойыншысы қайтыс болды Фото: видео скриншот

Өлімнің себебі әлі белгісіз. Қырғызстанның джиу-джитсу ұлттық федерациясының президенті Абдурахман Мұртазалиевтің айтуынша, жазатайым оқиға болған.

Марат Жұманалиев 43 жаста еді. Ол - бокстан Қырғызстанның екі дүркін чемпионы. Бірақ Жұманалиев "Азия MIX" командасымен бірге КВН-ға қатысу арқылы кең танылды.

Өмірінің соңғы уақыттарында ол қайырымдылықпен айналысып, түрлі қайырымдылық жобаларына қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу