Танымал рэпер сахнадан құлап, көз жұмды

540

Бұл туралы рэпердің Instagram желісіндегі ресми парақшасында жазылды. 

Танымал рэпер сахнадан құлап, көз жұмды Фото: TV21

Оңтүстік африкалық 27 жастағы рэпер Коста Титч өлімінің себебі белгілі болды. Сарапшылар өнер иесінің шамадан тыс жұмыс ісстегені оның сахнада жантүршігерлік өліміне әкелді деген қорытындыға келді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Біздің топ пен отбасы оның өлімінің шынайы себебін анықтау үшін патологтармен жұмыс істеді. Сараптама нәтижесінде Костаның жүрегі ауыр күйзеліске ұшырағаны анықталды, ол оны білмейтін және бұл стресс пен шаршағандықтан күшейген. Мұның бәрі оның қиындық тудырған жүрегінің тұрақты түрде соқпауына әер етті", - делінген ресми мәлімдемеде.

Рэпердің шын есімі - Костантинос Цобаноглу. Ол 2023 жылғы наурызда Йоханнесбургтегі Ultra музыкалық фестивалінде өнер көрсетіп жатқанда сахнада құлап, көз жұмған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу