Танымал спортшылар акцияға қатысты

2120

Тұңғыш кәсіпқой балуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың туған күніне орай #Рахметжаттықтандырушы челленджі басталды.  

Танымал спортшылар акцияға қатысты

Қазақстандық танымал спортшылар акцияға қатысып, жаттықтырушыларға алғысын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.

Акцияны Қазақстан спортшылар одағы ұйымдастырды.

"Спортшының чемпион атануына тәлімгердің, бапкердің қосатын үлесі зор. Алайда жаттықтырушылардың еңбегі бағаланбай жатады. Сондықтан біз жыл сайын 7 сәуірде осындай игі дәстүрді бастауды ұйғардық. Осы орайда жаттықтырушыларға алғысымды айтамын", - деді одақтың төрағасы Азамат Қарлығашев.

Елімізде "Рахмет, жаттықтырушы" акциясына 100-ден аса спортшы қатысты. Олар видео түсіріп жаттықтышуларға алғысын айтты.

Сондай-ақ челленджге Олимпиада чемпиондары: Илья Ильин, Серік Сәпиев, Ольга Рыпакова, Данияр Елеусінов, Василий Жиров, Ермахан Ибрагимов, Гюзель Манюрова, Александр Винокуров, Дмитрий Карпов, Марина Вольнова, Нұрбахыт Теңізбаев қатысты.

Сонымен қатар Мерей Ақшалов, Жалғас Жұмағұлов, Максим Раков, Анна Алябьева, Галиб Джафаров, Қуат Найман, Сергей Морозов, Қанат Әбутәліпов, Серік Нұрқазов, Артем Резник, Абылайхан Жүсіпов, Әсет Иманбаев, Дархан Бакенов және Шаттық Қажымұқан сынды спортшылар акцияны қолдайтынын атап өтті.

Айта кетейік, осыған дейін елімізде жаттықтырушылардың кәсіби мерекесін 7 сәуірде атап өту ұсынылған еді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу