"Танымал театрда түнгі 3-ке дейін жеке кештер өткен": Депутат былықтың бетін ашты

538

Депутат бұл мәселені ешкім бақылап отырған жоқ деген пікірде. 

"Танымал театрда түнгі 3-ке дейін жеке кештер өткен": Депутат былықтың бетін ашты Фото: Мәжіліс

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Алматыдағы танымал театрлардың бірі өз ғимаратын корпоратив кештерге өткізуге жалға беріп жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Театрлардың ғимараттарын пайдалануға келсек. Өңірлердегі театрлардың қалпын айтпағанда, қазіргі біздің бетке ұстар театрымыз – Алматыдағы Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрының кіреберісін кешкі корпоратив кештерге ашық түрде жалға беріп жатыр. Ол ақша қайда кетіп жатыр? Кіммен, қандай келісімшарт жасалып жатыр? Неге Абай атындағы опера және балет театрында кешкі сағат алтыдан түнгі сағат үшке дейін жеке кештер өтеді? Бұл қандай заңға негізделген? Қандай рұқсатпен? Күндеріне дейін, сурет, видеосына дейін көрсетіп бере аламын. Қай күні, кімнің кеші болғанын",  деді Ринат Зайытов Мәжілістегі комитет отырысында. 

Сөзінше, жалпы Қазақстан театрларының қызметін жүйелендіру, оларды қаржыландыру, кадр мәселесін шешу, білім беру жүйесін дамыту және театрды халыққа қолжетімді ету аса маңызды.

"Бұл мәселелерді шешу үшін мемлекет театрлар мен мәдениет ұйымдары бірлесіп, бірге жұмыс істеуі тиіс. Сонда ғана біз сапалы әрі халықтың мәдени қажеттіліктерін театр өнерін қалыптастара аламыз",  деді мәжілісмен.

Айта кету керек, осыған дейін Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов театрларды қаржыландыруда кездесетін мәселелерді атағанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу