Тараз қаласына 200 қоғамдық көлік қажет

623

Тараз қаласында 34 маршрутта 349 автобус қатынап, жолаушылар тасымалдайды. Мамандардың айтуынша, шаһарға әлі 200-дей қоғамдық көлік қажет.  

Тараз қаласына 200 қоғамдық көлік қажет Фото: gorodtaraz.kz

Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ғабит Алтаевтың айтуынша, қазіргі уақытта Таразда қоғамдық жолаушылар тасымалы саласында 9 тасымалдаушы жұмыс істейді.

Тоғыз тасымалдаушының алтауы - жекеменшік иелері. 34 маршруттағы 349 автобустың – 153-і қытайдың дизельді, 172-сі  газбен жүретін ресейлік, 15-і бензинмен жүретін көліктер. Дерекке сүйенсек, соның 84-і жолаушылар тасымалдағанына 5-7 жылдан асқан. 90 автобустың жолда жүргеніне 5 жылға жуықтаған, деп жазады inbusiness.kz.

"2019 жылдан бастап автопарктерге 154 жаңа автобус жеткізілді. 2022 жылы "ӘулиеатаТрансПасс" ЖШС – 634,5, "City bus" ЖШС – 229,8, "Smart City Service" ЖШС – 102, ал "СапарТранс — 2012" ЖШС 101,5 миллион теңгеден субсидия алды", - дейді Ғ.Алтаев.

Тараз қалалық қоғамдық кеңестің құрылыс, энергетика, инфрақұрылым және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту мәселелері жөніндегі  комиссиясының төрағасы Рахманқұл Байтелиев қоғамдық көлік жұмысы бойынша жүргізілген мониторинг арқылы жолаушылар тасымалына тартылған 340 автобустың 279-ы жеке меншікте, ал қалғандары жалға алынғанын анықталғанын айтады.

Мәліметтер көрсеткеніндей, соңғы 10 жылда "Саяхат-99", "ДамРус", "Таразпастранс", "ArsenTransCompany" жауапкершілігі шектеулі серіктестері бірде-бір жаңа автобус сатып алмаған.

Тараз қаласындағы қоғамдық көлік жұмысындағы кемшіліктер туралы мәселе көп көтеріледі. Соның бірі – автобустардың жеткіліксіздігі. Қала әкімі Бақытжан Орынбеков қазіргі уақытта облыс орталығында 200 автобус қажет екенін, оларды алдағы үш жылда сатып алуды жоспарлап отырғанын жеткізді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу