Тараз қаласында жылу желілерінің 80 пайызға жуығы тозған

432

Шаһардағы "алтын квадрат" аталатын орталық аумақта орналасқан үйлердің көбісі ескі, жылу жүйелері де тозған.

Тараз қаласында жылу желілерінің 80 пайызға жуығы тозған Фото: inbusiness.kz

Қыс айларында орталықтағы ескі "хрущевка" үйлерде берілетін жылу мардымсыз. Қысымды жоғары көтеру қауіпті.

Жалпы облыс бойынша жылу желілерінің ұзындығы 350 шақырымға жетеді. Өңірдегі жылу жүйесінің тозу деңгейі – 57 пайыз.

Қазақстан бойынша жылу-электр орталықтарының негізгі жабдықтарының тозу көрсеткіші орташа есеппен 55 пайыздан астам.

Жамбыл өңірінде биыл 6,1 шақырым жылу желісі ауыстырылып, қайта жаңғыртылды. Соның нәтижесінде тозу деңгейі 55 пайызға дейін төмендеген.

Жылыту маусымын тұрақты өткізу – күн тәртібіндегі басты мәселе. Қазіргі ахуал тұрақты болғанымен, алда әлі үш ай қыс бар.

Жалпы құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес облыста жылыту маусымы 164 тәулікті құрайды.

Өңірде жылыту маусымы басталғалы үш айдай өтті. Алда әлі осынша уақыт бар.

Тиісті ведомстваның берген мәліметіне сүйенсек, облыста жылыту маусымына жауапты 9 негізгі жылу-энергетика кәсіпорны қысқа дайындықты қамдаған.

Олар қазіргі уақытта 565 әлеуметтік нысанның автономды қазандығы арқылы 1 650 көпқабатты тұрғын үй, 782 білім, 388 денсаулық сақтау, 467 мәдениет, 81 спорт нысаны жылумен қамтамасыз етіп отыр.

Айта кету керек, елімізде 2023 жылдан 2030 жылға дейін ұзындығы 1,6 мың шақырым жылу желілерін ауыстыру жоспарлануда.

Бірінші кезекте 75 пайыздан астам тозуы бар желілерді ауыстыру көзделіп отыр. Ал 2037 жылға дейін тозуы 50-ден 74 пайызға дейінгі жылу желілерін ауыстыру жоспарлануда, мұндай желілердің ұзындығы 3,7 мың шақырымды құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу