Тараз қаласындағы "хрущевка" үйлердің хәлі мүшкіл

660

Жамбылда жаңғыртуды қажет ететін 800 көппәтерлі тұрғын үй бар.

Тараз қаласындағы "хрущевка" үйлердің хәлі мүшкіл Фото: inbusiness.kz

Жақында Тараз қаласы Төле би даңғылындағы №2 көпқабатты үйдің тұрғындары дабыл қағып, жертөлесі шіріп, қабырғаларының сылақтары түсе бастағанын айтып шағымданған болатын.

Тараз қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.Түкебаев әкімдік бұл мәселеден хабардар екенін мәлімдеді. Алайда Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы бойынша биыл республикалық бюджеттен қаражат бөлінбегенін айтты.

Тараз қаласының әкімдігі 63 үйді жөндеуге бюджеттік өтінім беріпті. Жоба мақұлданбағандықтан, бұл проблемалардың шешімі келесі жылға қалып отыр.

Тозығы жеткен көпқабатты тұрғын үйлер жалғыз Тараз қаласында ғана емес, өңірдегі шағын қалалар мен аудан орталықтарында да көп. Сыртқы қасбеті, ішкі жылу және канализациялық жүйелері күрделі жөндеуді қажет етеді.

Қазіргі уақытта Жамбыл облысында екі мыңға жуық көппәтерлі тұрғын үй бар болса, оның 800-і жаңғыртуды қажет етеді.

Алайда көпқабатты тұрғын үйлерді жаңғырту жұмыстары баяу қарқынмен жүріп жатыр. Егер жылына 10-12 үй жөнделсе, жаңғырту бағдарламасын іске асыруға 70 жылға жуық уақыт кетеді.

Ал "хрущевка" үйлер осынша уақыт тұрмасы анық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу