Тараз қаласындағы жатақханалардың жағдайы сын көтермейді

1205

Қоғамдық бақылау көп былықтың бетін ашты. 

Тараз қаласындағы жатақханалардың жағдайы сын көтермейді Фото: «Жастар Рухы» жастар қанаты Жамбыл облыстық филиалы

Жатақханалардың тыныс-тіршілігімен танысып, жылыту маусымының қалай өтіп жатқанын зерделеу мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің еріктілері "AMANAT" партиясының облыстық филиалымен бірігіп өңірдегі студенттік жатақханаларға мониторинг жүргізді, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Қоғамдық бақылау жұмыстарына Тараз қалалық мәслихатының депутаттары мен азаматтық қоғам белсенділері қатысты.

Зерделеу барысында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен Ш.Мұртаза атындағы халықаралық Тараз инновациялық институты, сондай-ақ Жамбыл политехникалық жоғары, Жамбыл жоғары инновациялық, Тараз сервис және технология және Тараз политехникалық колледждерінің жатақханаларының жағдайына қоғамдық бақылау жүргізілді.
Зерделеу нәтижесінде М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Желтоқсан көшесінде орналасқан жатақханасында жуынатын бөлмелерінің бірінде ыстық су беру жүйесі істен шыққаны анықталған.

Сонымен қатар, жаңа оқу жылы басталғалы жатақханадағы кітапхана жұмыс істемеген. Студенттерде сабаққа дайындалу, ақпарат алмасу, интернет желісін пайдалану мүмкіндігі болмаған.

Ал Тараз сервис және технология колледжінің жатақханасының шеткі бұрышында орналасқан 1 бөлмесінің салқын екендігі анықталған.

Зерделеу тобымен анықталған кемшіліктер бойынша тиісті ұсыныс енгізіліп, анықталған кемшіліктер жойылып, жатақханалардағы жағдай тиісті талаптарға келтірілді.

Ал қалған жатақханалар зерделеу нәтижесі бойынша талапқа сай деп танылды. Себебі студенттерге барлық жағдай жасалған, жылумен және интернетпен толық қамтылған, студенттердің қолайлы өмір сүру үшін барлық жағдай жасалған.

Жатақханаларға жүргізілетін қоғамдық бақылау алдағы уақытта да жалғасын табады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу