Таразда 11 жыл бұрын салынған балабақша апатты жағдайда тұр

518

Нысанға 6 жылдан бері жөндеу жүргізілмеген. 

Таразда 11 жыл бұрын салынған балабақша апатты жағдайда тұр Фото: zoon.ru

Жамбыл облысы Меркі ауданындағы балабақша пайдалануға берілген соң, 5 жыл өтпей жатып, бір жартысы апатты жағдайда екені анықталған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алайда 6 жылдан бері балабақшаға күрделі жөндеу жүргізілмей келеді.

"Балдәурен" балабақшасында қазір 280 бала тәрбиеленіп жатыр.

Сейсмолог мамандар мектепке дейінгі мекеменің жарамсыз күйде тұрған оң қанатына күрделі жөндеу жүргізу қажет екенін алға тартады.

Жөндеуден кейін жарамсыз жарты бөлігін пайдалануға болады деген қорытынды шығарған.

"Нысан сейсмологиялық сараптамадан өткізілді. Мамандар "қауіпті" деп көрсеткен оң қанатына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге рұқсат берді", - дейді Меркі аудандық білім бөлімінің басшысы Әйгерім Алтынбаева.

Бірақ бұл мәселенің шешімі тағы келесі жылдың еншісіне қалып отыр. Нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттар әлі дайындалу үстінде.

Жауапты мекеме басшыларының сөзіне сенсек,  нысан бойынша жобалық-сметасын уақтылы жасалмауына сейсмологиялық қауіпсіздікке қатысты сараптама қорытындысының дер кезінде шығарылмағаны себеп болған.

Қазір балабақша ғимаратының жарамсыз бөлігіне топотүсірілім, геология және техникалық зерттеу жұмыстары жүргізіліп, күрделі жөндеу жұмыстарына рұқсат беріліпті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу