Таразда 2 жедел жәрдем көлігі соқтығысты

673

Бес адам Орталық қалалық ауруханаға жеткізілді.

Таразда 2 жедел жәрдем көлігі соқтығысты

 Тараз қаласында екі жедел жәрдем көлігі соғысып, бес адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс орталығындағы Төле би және Қойгелді көшелерінің қиылысында екі жедел жәрдем көлігінің соғысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл туралы облыстық полиция департаменті әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

"Жол қиылысында қызыл жарықтан өткен біреуі екіншісін қағып кетті. Соққы салдарынан көліктердің біреуі бір жағына қарай аударылып кетті. Әр түрлі дәрежедегі жарақат алған бес адам Орталық қалалық ауруханаға жеткізілді. Тиісті сараптамалар тағайындалды", – делінген ведомство хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу