Таразда абысындар "Супер келіндер" дүкенін ашып, табыс табуда

1046

Тараз қаласында бір үйдің қос абысыны Жансая Үсенова мен Әсел Әлиасқарова "Супер келіндер" дүкенін ашып, табыс тауып отыр. 

Таразда абысындар "Супер келіндер" дүкенін ашып, табыс табуда

Екі келін былтыр бизнес жоспарларын әзірлеп, Әсел 1 миллион 275 мың, Жансая 3 миллион теңге қайтарымсыз грантты жеңіп алады. Сөйтіп ерекше кәсіп бастауды ойлап, ұлттық киімдер және ұлттық киімдегі қуыршақ тігіп сататын дүкен ашады.

Қазір дүкенде екі абысыннан басқа тағы бір тігінші жұмыс істеп жатыр. Келіндер тапсырыс көбейсе, тағы біраз тігіншіні жұмысқа алуды жоспарлап отыр.

 "Супер келін" дүкенінде көпбалалы аналарға 20, зейнеткерлерге 10 пайыздық жеңілдіктер жасалған. Балаларға зиянсыз қуыршақтарды көбірек тігіп, қайырымдылық қорына, балалар үйіне де таратсақ дейді келіндер.

"Балаларымыз қазақ батырларының атын ұмытпау үшін қуыршақтарымызға Әлия, Мәншүк, Алпамыс, Бөгенбай деп ат қойдық. Ұлттық киімдерді кішкентай балалардан бастап насихаттасақ  дейміз. Сол үшін баланың денсаулығына еш зияны жоқ қуыршақтар тігуді қолға алуды жоспарладық", - дейді Жансая.

Жансая үйдің үлкен келіні. Кіші абысыны Әсел Әлиасқарова екеуі әулеттің жиын-тойларында үнемі ұлттық киімдерді киіп жүруді әдетке айналдырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу