Қызыл жалынды ауыздықтауға Жамбыл облыстық ТЖД-нің 50-ден астам өрт сөндірушісі мен 16 техникасы жұмылдырылды, деп жазады inbusiness.kz ҚР ТЖ министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Бүгін, 20 қаңтарда сағат 13.22-де Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің Өртке қарсы бөлімшелеріне "Ақсай" базарындағы жеке тұрған екі қабатты ғимараттың шатыры жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Жамбыл облысы құтқарушыларының күшімен ғимараттың бірінші қабатынан 4 адам құтқарылды (зардап шеккендердің жағдайы анықталып жатыр).
Алдын ала ақпарат бойынша, өрттің ауданы шамамен 1500 шаршы метрді құрайды. Ғимаратта киім-кешек, ойыншықтар мен халық тұтынатын тауарлар сатылатын дүңгіршектер, екінші қабатта мата мен перде бутиктері орналасқан", - делінген мәліметте.
"Ақсай" базарындағы қызыл жалын толықтай сағат 14-56-да өшірілді.