Таразда кейбір автогаз құю бекеттерінде газ "лимитпен" сатылуда

481

Азаматтардың сөзіне сүйенсек, сұйытылған мұнай газын "лимитпен" немесе таллонмен сатып жатқан автогаз құю бекеттері бар көрінеді.

Таразда кейбір автогаз құю бекеттерінде газ "лимитпен" сатылуда Фото: Ашық дереккөзден

Бұл деректі Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын- үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының мамандары да растап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Айтуынша, Тараз қаласында кейбір автогаз құю бекеттерінде сұйытылған мұнай газын лимитпен, талонмен шектеушілер жоқ емес. Алайда, қазіргі таңда Тараз қаласындағы "Бейбарысгаз", "ErkOil", "Азимут" және т.б. автогаз құю желілері сұйытылған мұнай газын еркін сатып жатыр дейді.

Жамбыл облысына шілде айында жалпы  4 284 тонна сұйытылған мұнай газы бөлінген. Оның 2016 тоннасы СНПС "Ақтөбемұнайгаз"-дан, 2268 тоннасы Шымкент қаласындағы ПКОП серіктестігінен тасымалдануы тиіс. 

"Өңірге 10 вагон "Тенгизшевройл" ЖШС-дан, 19 вагон "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ –нан, 7 вагон "ПКОП" ЖШС-нан сұйытылған мұнай газы теміржол жүк көлігімен тасымалдануда. Бұл вагондар жақын уақытта жеткізіліп,  жанармай құю станцияларына бөлінеді. Қазіргі уақытта 837 тонна (1 423 мың литр) сұйытылған мұнай газы бар", - дедп түсіндірді басқарма мамандары.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің №8 бұйрығына сәйкес, Жамбыл облысының орталығы мен оған жақын аудандардағы автогаз толтыру бекеттерінде сұйытылған мұнай газының 1 литрі қазір 71 теңгеден сатылуда. Ал арақашықтығы 200 шақырымнан асатын бекеттерде 76 теңгеден алуға болады.

Бұл бұйрық ағымдағы жылдың соңына дейін заңды күшіне ие.

Айта кету керек, облыс көлемінде 31 газ желісі ұйымы бар, 220 автогаз құю бекеті арқылы сұйытылған мұнай газы сатылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу